Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КеАҚ Әскери істер институтында 2021 жылдың 15 ақпанынан 15 шілдесіне дейін студенттерден ӘК запастағы офицерлер және сержанттар бағдарламасы бойынша оқуға конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдайды


15.02.2021 Все объявления


«Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ әскери істер институтында (әскери кафедрасында) 2021 жылдың 15 ақпанынан 15 шілдесі аралығында запастағы офицерлер мен сержанттардың бағдарламасы бойынша оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысу үшін «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ студенттерінен өтініштер қабылдау жүргізіледі.

Запастағы офицерлер мен сержанттарды ақылы негізде оқытуға конкурстық іріктеуге қатысу үшін басқа жоғары оқу орындарының студенттерінен (Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы энергетика және байланыс университеті және Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті) өтініш қабылдау жүргізілуде.

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін өтініштер бірінші курс (4 жылдық оқумен) және екінші курс (5 жылдық оқумен) студенттерінен қабылданады.

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін өтініштер бірінші және екінші курс (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші және үшінші курс (5 жылдық оқумен) студенттерінен, сондай-ақ колледжді бітіргеннен кейін ЖОО екінші курсына қабылданған студенттерден, Қазақстан Республикасының 24 жастан аспаған азаматтарынан қабылданады.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 140. (Тимирязев көш. бұрылысы).

Сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: +7(727) 292-40-23; 292-00-87; 292-64-53 (әскери кафедра бойынша кезекші).

Өтініштерді қабылдау мерзімі 2021 жылдың 15 ақпанынан 15 шілдесі аралығында

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).

2. Жігіттер үшін тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме).

3. 3х4 көлеміндегі 1 (бір) фотосурет.

4. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

5. Спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болса).

6. Факультет деканы қол қойған студенттің ЖОО-да нақты оқуы туралы анықтама.

Әскери кафедраға түсемін деуші студенттер "жақсы" және "өте жақсы" деген бағаға оқуы керек.

Әскери кафедраға түскісі келетін студенттерге Алматы қаласында қалалық тіркеу жасау және қалалық тіркеу бойынша қалалық әскери комиссариатқа есепке тұру қажет.

Әскери кафедраға түсу кезінде Алматы қаласында қалалық тіркеуі бар әскерге шақырылушылар ғана қабылданады.

«Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ  әскери істер институтының (әскери кафедра)  әкімшілігі