«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде» PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Яманбекова Аяулым Конусбековна диссертациялық жұмысын қорғайды


15.02.2021 Все объявления


«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ 6D071700 – «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Аяулым Конусбековна Яманбекованың «Екі отынды ауалық форсункасы бар шағын жылу генераторын зерттеу және әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.

Диссертация «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ «Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі: орыс тілі.

Рецензиялаушылар:

Рахимжан Кабиевич Орумбаев – техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА профессоры, Қазақстан, Алматы қ., «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ «Жылу энергетикалық кондырғылар» кафедрасының профессоры.

Аркадий Александрович Шишкин – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан, Алматы қ., «Ш.Ч. Чокин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты» АҚ От жағу процестері зертханасының меңгерушісі».

Ғылыми кеңесшілер:

Абай Мухамедиярович Достияров – техника ғылымдарының докторы, Қазақстан, Алматы қ., «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ «Жылу энергетикалық кондырғылар» кафедрасының профессоры.

Ангел Костадинов Терзиев – ғылым докторы, София, Болгария қ., София Техникалық университеті «Энергетика» факультетінің доценті.  

Қорғау 2021 жылғы 17 наурызда сағат 14:00-де 8D071 «Инженерия және инженерлік іс» («Электр энергетикасы», «Жылу энергетикасы») және 8D062 «Телекоммуникациялар» (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) бағыттары бойынша «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ жанындағы диссертациялық кеңесте келесі мекенжай бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 126/1, А-ғимараты, №213 Ғылыми кеңестің мәжіліс залы.

Сайт сілтемесі: www.aues.edu.kz.

ENERGO UNIVERSITY