15.02.2021 Все объявления
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ 6D071700 – «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Ғазиза Серікқызы Катранованың «Газ турбиналарының жану камераларының жоғары тиімді микрофакельды алдыңғы құрылғыларын әзірлеу және зерттеу» тақырыбында докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі: орыс тілі.
Рецензиялаушылар:
Владимир Ефремович Мессерле – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан, Алматы қ., Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми кеңесінің «Энергетика және машина жасау» басым бағыты бойынша Жылу энергетикасы секциясының төрағасы.
Шишкин Аркадий Александрович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан, Алматы қ., «Академик Ш.Ч. Чокин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтының» Жану процестері зертханасының меңгерушісі.
Ғылыми кеңесшілер:
Абай Мухамедиярович Достияров – техника ғылымдарының докторы, Қазақстан, Алматы қ., «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ «Жылу энергетикалық кондырғылар» кафедрасының профессоры.
Андрей Анатольевич Кибарин – техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан, Алматы қ., «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ «Жылу энергетикалық кондырғылар» кафедрасының меңгерушісі.
Владимир Александрович Мунц – техника ғылымдарының докторы, профессор, Орал энергетикалық институтының «Жылу энергетика және жылу техника» кафедрасының меңгерушісі, Ресей, Екатеринбург қ., Ресей тұңғыш президенті Б.Н. Ельцин атындағы Урал Федералдық Университеті.
Қорғау 2021 жылғы 117 наурызда сағат 15:00-де 8D071 «Инженерия және инженерлік іс» («Электр энергетикасы», «Жылу энергетикасы») және 8D062 «Телекоммуникациялар» (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) бағыттары бойынша «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ жанындағы диссертациялық кеңесте келесі мекенжай бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 126/1, А-ғимараты, №213 Ғылыми кеңестің мәжіліс залы.
Сайт сілтемесі: www.aues.edu.kz.