«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті»-нде PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Коробков Максим Сергеевичтың диссертация қорғауы болады


15.02.2021 Все объявления


«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ 6D071700 – «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Максим Сергеевич Коробковтың «Коаксиалды екі жарық экрандары бар жоғары тиімді су жылыту қазандықтарын әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.

Диссертация «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі: орыс тілі.

Рецензиялаушылар:

Александр Степанович Никифоров – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан, Павлодар қ., С.Торайғыров атындағы ПМУ  «Жылу энергетикасы» кафедрасының меңгерушісі.  

Сергей Александрович Глазырин – техника ғылымдарының докторы, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.,  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Жылу энергетикасы» кафедрасының меңгерушісі.   

Ғылыми кеңесшілер:

Рахимжан Кабиевич Орумбаев – техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА профессоры, Қазақстан, Алматы қ., «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасының  профессоры.  

Владимир Александрович Мунц – техника ғылымдарының докторы, профессор, Урал энергетикалық институтының «Жылу энергетика және жылу техника» кафедрасының меңгерушісі, Ресей, Екатеринбург қ., Ресей Тұңғыш президенті Б.Н. Ельцин атындағы Урал Федералдық Университеті.

Қорғау 2021 жылғы 18 наурызда сағат 16:00-де 8D071 «Инженерия және инженерлік іс» («Электр энергетикасы», «Жылу энергетикасы») және 8D062 «Телекоммуникациялар» (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) бағыттары бойынша «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ жанындағы диссертациялық кеңесте келесі мекенжай бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 126/1, А-ғимараты, №213 Ғылыми кеңестің мәжіліс залы.

Сайт сілтемесі: www.aues.edu.kz.

ENERGO UNIVERSITY