Сіздерді «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Республикалық шығармашылық (жазбаша) конкурсқа қатысуға шақырамыз


23.02.2021 Все объявления


Құрметті студенттер, магистранттар!

Сіздерді «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер», «Қазақстаның рухани киелі жерлері», «Қазақстанның киелі географиясы» «Қазақстанның 100 жаңа есімі» «Ауыл – ел бесігі» атты тақырыптық жобалары бойынша 2021 жылдың 21 ақпанынан 16 сәуірі аралығында өтетін Республикалық шығармашылық (жазбаша) конкурсқа  қатысуға шақырамыз. 

Конкурстың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру, болашақ мамандардың туған жерге деген сүйіспеншілігін, туған ел – қасиетті мекенге деген патриоттық сезімін ояту. Отанды сүюге, өз елінің тарихын білуге, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды пайымдау арқылы танымдық белсенділіктерін дамыту.

Конкурсқа ұсынылатын шығармалар – туған өлке, киелі жерлер, көне ескерткіштер мен тарихи жәдігерлер, өңіріңіздің тарихи тұлғалары мен бүгінгі заманымыздың батыр кейіпкерлері, еңбегі сіңген тұлғалары туралы т.б. жұмыстар (эссе, ғылыми жоба, өлең-жырлар т.б.) көпшілік қауымның қызығушылығын тудыратын көркем-ғылыми мазмұнда және практикалық маңызға ие болуы тиіс.

Материалдарды электронды рәсімдеу тәртібі: Шығарма көлемі: 4-5 беттен аспауы тиіс, А 4 форматта, мәтіндік редактор Microsoft Word, шрифт Times New Roman, жол арасындағы интервал - 1, кегл 12,  азат жол – 1,0 см.  Жиектері:  жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1,8 см, сол жағы – 2,5 см.

Мәтін атауы бас әріптермен жолдың орта тұсында жазылады, одан бір жол төмен оң жақ бұрышта автордың аты-жөні, одан бір жол төмен оқу орны, мамандығы, курсы, қаласы; әрі қарай ғылыми жетекшісінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы жазылады. Бір жолдан кейін мақала мәтіні теріледі. Дерек көзі төрт бұрышты жақшада мәтінде ретімен көрсетіледі, мәселен: [1, 15 б].  Деректер тізімі («Пайдаланылған деректер тізімі» деген атаумен) мақаланың соңында беріледі. Сапалы жазба жұмыстар студенттердің ғылыми-танымдық жинағына енетін болады.

Конкурсқа қатысу үшін жіберілген материалдар аяқталған болуы, сапасы талапқа сай орындалуы және мұқият редакциялануы тиіс. Жұмыстар 2021 жылдың 16 сәуіріне дейін қабылданады. 

Студенттердің үздік танылған шығармалары жинаққа еніп, дипломдармен марапатталады.

Біздің мекенжайымыз: 050013, Алматы қ., Байтұрсынұлы көшесі 126/1, «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, әлеуметтік пәндер кафедрасы, «Д» ғимараты, 108 кабинет.

Жұмыстарыңызды АЭжБУ-дің корпоративтік поштасына g.abrahmatova@aues.kz жіберулеріңіз керек.          

ENERGO UNIVERSITY