«Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ техникалық ғылымдар бойынша білім алушылардың ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысының Республикалық конкурсының 2 – кезеңін 2021 жылдың 15 наурызынан 16 сәуіріне дейін өткізеді


25.02.2021 Все объявления


«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ ҚР жоғары оқу орындарында техникалық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсын өткізу бойынша базалық ЖОО ретінде 2021 жылғы 15 наурыздан 16 сәуірге дейін конкурстық құжаттарды 2-ші кезеңге қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Белгіленген мерзімге конкурс жұмыстарын қағаз нұсқада келесі мекенжай бойынша ұсынуларыңызды сұраймыз: Алматы қаласы, Байтұрсынұлы көшесі 126/1, «Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ, А ғимараты, 219-кабинет, Ғылым және коммерцияландыру департаменті.

Анықтама телефоны:  8(727) 323-11-75, ішкі 6723.

Ұялы тел., whatsapp: 87477389778.