Әлеуметтік жобалар форумы


02.03.2021 Все объявления


Әлеуметтік жобалар форумы

Әлеуметтік бастамаларды қолдау, қазақстандық Үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) дамыту саласындағы үздік тәжірибелерді көтермелеу – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қызметінің жетекші бағыттарының бірі. Он жылдан астам тарихында әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы еліміздің белсенді азаматтық секторы үшін өзіндік брендке айналды.

Қоғам үшін бірнеше жүздеген маңызды жобалар дәстүр бойынша ауқымды конкурстың финалында өткен әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінде өмірге жолдама алды. Биыл ұйымдастырушылар қатысушыларға іс-шараның жаңа форматын ұсынады. Енді бұл қоғамдық бастамаларды қолдауға және оның тұрақты дамуына жағдай жасауға бағытталған әлеуметтік жобалар форумы.

Форум мен әлеуметтік жобалар байқауының тақырыбы – «Мемлекет және ҮЕҰ: тұрақты даму мүддесіндегі бірлік пен әріптестіктің 30 жылы». Қатысушылар өз бастамаларын ұсына алатын номинациялар үшеу:

- Қоғамдағы мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуға жәрдемдесу.

- Халықты әлеуметтік-құқықтық қорғау. Азаматтық құқықтар мен бастамаларды қорғау.

- Адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау.

Байқауға өтінімдерді қабылдау жалғасуда және ол 10 наурызда аяқталады. Қатысушылар үш кезеңнен өтеді:

- I кезең (2021 ж.10 қаңтардан 10 наурызға дейін) – конкурстық өтінімдерді және конкурстық құжаттаманы белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қабылдау, бастапқы іріктеу.

- II кезең (2021 ж.11-20 наурыз аралығында) – 50 жобаны бағалау, іріктеу.

- III кезең (2021 ж. сәуір) – үздік 50 жобаны таныстыру, жеңімпаздарды анықтау. Марапаттау рәсімі.