БУХАРЕСТ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ (РУМЫНИЯ) ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ 4 СТИПЕНДИЯ ҰСЫНАДЫ


02.03.2021 Все объявления


БУХАРЕСТ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ (РУМЫНИЯ) ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ 4 СТИПЕНДИЯ ҰСЫНАДЫ

2021-2022 оқу жылында Бухарест политехникалық университеті (Румыния) Шет тілдері инженериясы факультеті шеңберінде ағылшын тілінде бакалавриат бағдарламалары үшін қазақстандық студенттерге 4 стипендия ұсынады.

Мамандықтар арасында – Машина жасау; Химиялық машина жасау; Қолданбалы электроника; Ақпараттық технологиялар және т. б.

Сонымен қатар, конкурстық іріктеуден өткен қазақстандық студенттер үшін Бухарест политехникалық университеті (Румыния) студенттерді оқу кезеңінде университет алымдарын төлеуден босатады және оларға университет жатақханаларында тұрғаны үшін 10% жеңілдік ұсынады.

Бухарест политехникалық университетінде оқуға қызығушылық танытқан студенттерден тізімдер жасау үшін өз институтыңызға хабарласуыңызды сұраймыз.

Толығырақ ақпаратты ҚР Румыниядағы елшілігі кейінірек жолдайды.