«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының төртінші маусымы басталды


03.03.2021 Все объявления


«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының төртінші маусымы басталды

Жас ғалымдар, оқытушылар қатысыңыздар !!!!

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы-2021» жобасына өтінімдер 10021 жылдың 22 ақпанынан 15 наурызына дейін 100janaesim.ruh.kz сайтында қабылданады.

 Үміткерлер медицина, білім, ғылым және инновация, экология, мәдениет және спорт, бизнес, қоғам сияқты жеті номинация бойынша таңдалады.

Барлық қосымшалар модерацияланады, содан кейін сайтта жарияланады. Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бүкілхалықтық онлайн дауыс беру басталады.

Дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинаған және беделді қазылар алқасы таңдаған қатысушылар жоба жеңімпаздары болады.

Нәтижелері 2021 жылдың сәуірінде жарияланады.

Сізге толағай табыстар тілейміз!