2021 жылдың 4 наурызында Google Meet платформасында Baraic incubator тегін оқыту курсының ұйымдастырушыларымен кездесу өтеді


03.03.2021 Все объявления


2021 жылдың 4 наурызында Google Meet платформасында Baraic incubator тегін оқыту курсының ұйымдастырушыларымен кездесу өтеді

Кездесуге сілтеме

Baraic incubator – бұл практикалық білім, үнемі өсу, еркіндік және өз кәсібін табу үшін саналы таңдау.

–  Baraic incubator 1.0 дегеніміз не?

Baraic incubator 1.0 – бұл тесттер мен зертханалық жұмыстардан тұратын 12 апталық тегін оқу курсы. Курсқа тіркелу үшін (link) сілтемесі бойынша өтіп, Google үлгісін толтыру қажет.

Курсқа оқытудың 4 кезеңі кіреді:

  1. Splunk Data analytics;
  2. Cisco CCNA Routing & Switching; 
  3. Cisco CCNA Security;
  4. Fortinet NSE4. 

Курс аяқталғаннан кейін курстан сәтті өткен қатысушылар офисте (Алматы/Нұр-Сұлтан) немесе қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігімен ақы төленетін тағылымдамадан өтеді.

Курстың өтуі студенттерге не береді?

Бағдарламаны табысты аяқтағаннан кейін біз Сізге өз саласындағы кәсіпқойлар мен сарапшылар командасында жұмыс істей отырып, одан әрі мансаптық өсу перспективасы бар Junior engineer компаниясында орын ұсынамыз. Қабылдау 50 адамға дейін жүргізіледі.

–  Курсқа кім қатыса алады?

Оған 18-25 жас аралығындағы ҚР тұрғындары қатыса алады. Тағылымдама / жұмыс іздеу үстіндегі түлектер немесе студенттер. Оқытудың 3 және                            4-кезеңдерінен өту үшін ағылшын тілінің базалық деңгейі міндетті.

Курс қалай және қашан өтеді?

Курс онлайн форматта өтеді. Курсқа тіркелу 1-8 наурыз аралығында ашық болады. Курс 9 наурыздан басталып, 12 аптаға созылады. Практикалық тапсырмаларды орындау үшін компьютер немесе ноутбук болуы керек. Оқытудың әр кезеңінің соңында тестілеуден және зертханалық тапсырмалардан өту керек. Курстың одан әрі өтуі курстың әр кезеңі сәтті аяқталған жағдайда ғана мүмкін болады.

Толық ақпарат телеграм арнасында: https://t.me/baraic