Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұйымдастыруымен «Абай жолы» роман-эпопеясының үздік оқырманы» атты халықаралық студенттер конкурсы өткізіледі


10.03.2021 Все объявления


 «М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының үздік оқырманы» атты халықаралық студенттер конкурсы

Әдеби-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, ұлтымыздың мақтанышы, ұлы жазушы М.О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау және жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұйымдастыруымен «Абай жолы» роман-эпопеясының үздік оқырманы» атты халықаралық студенттер конкурсы өткізіледі.

Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, тілдерді оқыту кафедрасы.

«Абай жолы» роман-эпопеясының үздік оқырманы» атты халықаралық студенттер конкурсы екі кезеңде қазақ тілінде өтеді.  

Іріктеу кезеңі Қазақстан Республикасы және шетел жоғары оқу орындарында онлайн өткізіледі. Іріктеу кезеңіне қатысушылар «Абай жолы» роман-эпопеясынан таңдап алған үзіндіні мәнерлеп оқып беруі шарт (ұзақтығы 3 минут). Әр қатысушы дайындаған бейне көрінісін өзінің жеке Instagram парақшасына #UzdikoqyrmanAUES, #Abaizholy хэштегін белгілеп, жүктеуі тиіс. Қатысушының сахна мәдениеті, оқу сауаттылығы мен шеберлігі бағаланады.

Іріктеу кезеңінің өткізілу мерзімі: 15-25 ақпан 2021 жыл.

Қорытынды кезеңге әр ЖОО-дан 3 (үш) үміткер қатыса алады. Қатысушылар «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап, оқырмандық эрудициясын көрсетуі шарт.

Өткізілу мерзімі: 10 наурыз 2021 жыл.

Өткізілетін орны: Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, ZOOM платформасы (сілтеме қосымша жіберіледі).