2021 жылдың 17 наурызында сағат 19.00-де "Парасат" зияткерлік клубының кезекті отырысы өтеді. Кеш қонағы - Тұрысбек Саукетаев.


10.03.2021 Все объявления


Құрметті әріптестер, студенттер!

«Парасат» зияткерлік клубының өтетін кезекті мәжілісінің қонағы белгілі жазушы, аудармашы, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі «Жұлдыз» журналының бас редакторының орынбасары – Тұрысбек Сәукетаев.

Сүткенже», «Айлы түн еді», «Қайыңдар, аппақ қайыңдар», «Көлеңкелер патшалығы» әңгіме-повестерінің және «Айқараңғысы», «Желқайық», «Эпилог», «Қызылбалақтың қазасы», «Мен - жындымын» романдарының авторы.

«Құрмет» ордені және «Алтын қалам» конкурсының Гранпри иегері,  Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты.

Өткізілетін күні мен уақыты: 17 наурыз 2021 жыл, сағ. 19.00.

Онлайн платформасында қашықтықтан қосылу 18.50. // Google Meet: https://meet.google.com/jqh-msrg-pbi