12.03.2021 Все объявления
AQTech компаниясы (электр энергетикалық шешімдер саласындағы стартап, SITEK Caspian инжинирингтік компаниясының еншілес құрылымы www.sitekcaspian.com) кіші инженер-энергетиктер позициясына 5-курстың 2 студентін (немесе 2019-2020 түлектерін) қабылдайды. Жұмыс үздіксіз энергиямен жабдықтаудың кешенді жүйелерін, атап айтқанда, энергияны сақтаудың стационарлық жүйелерін, сондай-ақ ҮКҚ-ны баптаумен және жобалаумен байланысты.
ЭСЖ– бұл жоғары технологиялық техниканың тез дамып келе жатқан класы, өсудің негізгі себебі – ЖЭК (біркелкі емес өндіруді тегістеу үшін стационарлық қолдану) және электр көлігінің (электромобильдерге арналған батареялар) ауқымды дамуы. Сондай-ақ, ЭСЖ өнеркәсіптік кәсіпорындардағы әртүрлі энергетикалық мәселелерді шешу үшін қолданылады (күрт ауыспалы жүктемені өтеу, реактивті қуат, тепе-теңдік, ең жоғары жүктемелерді азайту, электр энергиясының сапасын арттыру және т.б.).
Біліміне қойылатын талаптар: Позицияға ЖЭК, Электр энергетикалық жүйелер, Электр техникасы кафедраларының студенттері көбірек сәйкес келеді.
Мүмкіндігінше ағылшын тілін білу, мамандық бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы (жазғы практика, жарты мөлшерлемеде жұмыс істеу және т.б.) артықшылық болып табылады.
Түйіндемеңізді ілеспе хатпен бірге (Неге бізде жұмыс істеу қызықты?) ilyas.amirkhanov@aqtechno.com мекенжайына жіберіңіз.