Ғарыштық инженерия кафедрасы 27.03.2021ж. сенбі күні физика пәнінен олимпиада өткізеді


25.03.2021 Все объявления


Ғарыштық инженерия кафедрасы 27.03.2021ж. сенбі күні физика пәнінен олимпиада өткізеді.

Қатысушылар тізіміне дәріс оқитын оқытушысы арқылы тіркелген   1 және 2-курс студенттері шақырылады.

Физика пәнінен өтетін студенттік олимпиаданың ережесі

1. Физика пәні бойынша олимпиада бейне және аудио жазбалармен онлайн режимде өткізіледі.

2. Физика пәні бойынша олимпиадаға оқытушысы алдын-ала тіркеген АЭжБУ-дің 1 және 2-курс студенттері қатысады.

3. Қатысушы олимпиадаға жеке куәліксіз жіберілмейді.

4. Физика пәні бойынша олимпиада 2 турдан өтеді. Біріншісі, Google Form платформасында өткізілетін іріктеу туры. 27.03.2021 ж. сағат 11.00-де басталады.

Қажетті талап - қатысушылардың барлық тапсырмаларды өз бетінше орындауы.

5. Іріктеу кезеңіне 40 минут уақыт бөлінеді. Орындау басталғаннан бастап 40 минуттан кейін бағдарлама сіздің жауаптарыңызды қабылдай алмайды. Орындалған жұмыстарды тексеру автоматты режимде жүргізіледі.

6. Іріктеу турының нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған алғашқы 15 қатысушы 1-турға өтеді.

7. Бірінші (негізгі) тур сол күні сағат 13.00-де Google Meet платформасында басталады. Құрамды тексеру үшін әрбір қатысушы экранда өзінің жүзі көрінетіндей етіп жеке куәлігін көрсетуі қажет.  Тексеру аяқталғаннан кейін, тапсырмаларды орындау басталады.

8. 1-турдың 5 тапсырмасын шешуге 90 минут бөлінеді. Орындалған жұмыстарды (pdf немесе jpg форматында) 27.03.2021 ж. сағат 14.30-ға дейін ki@aues.kz поштасына жіберуі қажет.

9. Комиссия құрамы 1-турдың нәтижелерін тексергеннен кейін әр қатысушыға сол күні сағат 17.00-ге дейін жеткізіледі.

10. Апелляциялық комиссия жоғарыда көрсетілген поштаға өтініштерді сағат 17.30-ға дейін қабылдайтын болады.

11. Апелляциялық комиссияның отырысы 27.03.2021 ж. сағат 17.30-де басталады.

12. Апелляциялық комиссияның шешімі ескерілген қорытынды нәтижелер  27.03.2021ж. сағат 18.30-дан кешіктірілмей жарияланатын болады.