12.02.2020 Все объявления
Тілдер кафедрасы 2020 жылдың 26 ақпанында Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ 45-жылдығына орай «Facing the Future» республикалық конкурсын өткізеді
Конкурстың мақсаты: студенттердің ағылшын тілін тереңдетіп үйреніп, кәсіби, ғылыми, қоғамдық және әлеуметтік-қоғамдық салаларда ауызша және жазбаша қарым-қатынас тілі ретінде пайдалануға қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ағылшын тілін жоғары деңгейде білетін студенттерді қолдау.
Конкурстың өткізілу уақыты 14.00-тен 18.00-ге дейін.
Конкурс бағдарламасы
-Командалардың өздерін таныстыруы (Сәлемдесу, командамен таныстыру, жоолары туралы ақпарат т.б.) – 5 мин.
-Зияткерлік ойын (Елтаным, белгілі тұлғалар, музыка, әдебиет).
-Stand up конкурсы (It’s great to be a student) – 3-5 минут.
-Капитандар конкурсы.
-Stem (Емтихан алдында) – 5-7 мин.
Конкурстың шарттары
-Конкурста Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттер командалары қатыса алады. Команда құрамы техникалық мамандықтарда оқитын 1-3 курс студенттерінен 3 адамнан тұрады.
-Конкурстың жұмыс тілі ағылшын тілі
-Конкурсқа қатысуға өтінім 2020 жылдың 23 ақпанына дейін келесі мекенжайларға жіберіледі: Қазақстан, г. Алматы, ул. Байтұрсынұлы, 126/1, Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ, тілдер кафедрасы және/немесе
l.sergeeva@aues.kz электрондық поштасы.
Конкурс туралы қосымша ақпаратты 8 707 810 98 17 телефоны бойынша алуға болады
-Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады
-Аймақтық командалардың конкурсқа қатысуға байланысты шығындары (жол, тамақ, тұру ақылары) іссапарға жіберуші тараптың есебінен төленеді.