Ғарыштық инженерия кафедрасы 26.03.2021 ж. баллистика пәні бойынша олимпиада өткізеді


25.03.2021 Все объявления


Ғарыштық инженерия кафедрасы 26.03.2021 ж. баллистика пәні бойынша олимпиада өткізеді.

Қатысушылар тізімінде өздерінің дәріскерлерімен тіркелген 2 және 3-курс студенттері шақырылады.

Студенттерге арналған баллистика бойынша олимпиаданы өткізу регламенті

1. Баллистика бойынша олимпиада онлайн режимінде, бейне және аудио жазбалармен өткізіледі.

2. Баллистика бойынша олимпиадаға өздерінің дәріскерлерімен алдын ала тіркелген АЭжБУ 2 және 3-курс студенттері жіберіледі.

3. Қатысушы Олимпиадаға жеке куәліксіз жіберілмейді.

4. Баллистика бойынша олимпиада 1 турда өтеді. Басталуы 26.03.2021 ж. сағат 15.00-де.

Қажетті талап – қатысушылардың барлық тапсырмаларды өз бетінше орындауы.

5. Олимпиада сағат 15.20-да Google meet платформасында қатысушылар жиналғанда басталады. Құрамды тексеру үшін әрбір қатысушы комиссияға экранда өзінің беті де, жеке куәлігі де көрінетіндей көрінуі қажет. Тексеруден кейін тапсырмаларды орындау басталады.

8. 5 тапсырманы шешуге 90 минут беріледі. Орындалған жұмыстарды (pdf немесе jpg форматында) 26.03.2021 ж. сағат 16.50-ге дейін ki@aues.kz поштасына жіберу қажет.

9. Турдың нәтижелері комиссия жіберген жұмыстарды тексергеннен кейін әр қатысушының назарына сол күні 17.40-қа дейін жеткізіледі.

10. Апелляциялық комиссия жоғарыда көрсетілген поштаға өтініштерді сағат 18.20-ға дейін қабылдайтын болады, өтінішті ресімдеу үлгісі – №2 қосымшада.

11. Апелляциялық комиссияның отырысы 27.03.2021 ж. сағат 11.00-де өтеді.

12. Апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып, түпкілікті нәтижелер 27.03.2021 ж. сенбі күні сағат 13.00-ден кешіктірілмей жарияланатын болады.