12.04.2021 Все объявления
2021 жылдың 14 сәуірінде Google Meet платформасында Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ КеАҚ 2,3-курс студенттерінің арасында «Электр техниканың теориялық негіздері», «Электр тізбектерінің теориясы» пәндері бойынша университеттік олимпиада өтеді.
Мақсаты: студенттерді базалық пәндерді меңгеруге ынталандыру және «Самұрықэнерго» қатысуымен өтетін республикалық олимпиадаға іріктеу.
Тіркеу kaf.et@aues.kz корпоративтік поштасы арқылы жүргізіледі.
Қатысушы өз аты-жөнін (толық), тобын, дайындаған оқытушысын (дәріскер) жазуы керек
Тақырыптары: «Электр техниканың теориялық негіздері» – тұрақты тоқ, синусоидалық тоқ, өтпелі процесстер, үшфазалы тізбектер.
«Электр тізбектерінің теориясы» – тұрақты тоқ, синусоидалық тоқ, синусоидалық емес тоқ, өтпелі процесстер.