12.04.2021 Все объявления
Сіздерді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жас мамандарды дамытуға арналған Izbasar бағдарламасының онлайн-таныстырылымына шақырамыз.
- егер сен бакалавриат пен магистратураның 2019, 2020 және 2021 жылдардағы түлегі болсаң;
- іріктеу байқауынан қорықпайтын және біліміңді көрсетуге дайын болсаң;
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялары мен бөлімшелерінде 5 айдан тұратын, ақысы төленетін 3 ротациядан өтуді қаласаң;
- атом саласындағы тәжірибелі жетекшілер мен ең мықты сарапшылардан тұратын тәлімгерлермен жұмыс істеуге дайын болсаң;
- ротация барысында тұлғалық-іскерлік және кәсіби құзыреттіліктерді дамыту сарапшыларынан білім алуды қаласаң;
- ұлттық атом компаниясына жұмысқа орналасуға ұмтылсаң,
онда бағдарламаның таныстырылымына кел және сайтында байқауға қатысуға өтініш бер.
Кездесу бағдарламасы:
- Жас мамандардың Izbasar бағдарламасы аясында қызмет жолымен өсуі
- Қатысудың артықшылықтары және үміткерлерге қойылатын талаптар
- Іріктеу байқауының кезеңдері және өтініш беру тәртібі
Күні: 2021 жылдың 13 сәуірі
Уақыты: 17:00-18:00
Өту орны: http://meet.google.com/mgj-uknn-ttv
Командамызға қосыл да, армандаған жұмысыңа орналас.
Жас мамандарды дамытуға арналған IZBASAR бағдарламасына қатысуға өтініш бер.