EҮ (Қазақстан) және Ergon Associates (Ұлыбритания) компаниялары Жаңғыртылатын энергия көздері/энергетика секторындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді талқылауға арналған ұлттық семинарға қатысуға шақырады


22.04.2021 Все объявления


EҮ (Қазақстан) және Ergon Associates (Ұлыбритания) компаниялары Жаңғыртылатын энергия көздері/энергетика секторындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді талқылауға арналған ұлттық семинарға қатысуға шақырады

ЕҚДБ Жаңартылатын энергияны қолдау және Қазақстанда гендерлік теңдікті ілгерілету жобасы аясында ЕҮ (Қазақстан) және Ergon Associates (Ұлыбритания) компаниялары жаңартылатын энергия көздері/энергетика секторындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі, білім беру мекемелері, жеке сектор, бизнес және кәсіби қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен ағымдағы жағдайды жақсарту жөніндегі негізгі іс-шараларды талқылауға арналған ұлттық семинарға қатысуға шақырады.

Семинар аясында әртүрлі министрліктер мен оқу орындарының спикерлерімен техникалық ғылымдар, атап айтқанда, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, ЖЭК бағыттары бойынша оқыту үшін қыздарды қатыстыру кезіндегі сын-тегеуріндерді талқылау және жаңартылатын энергетикада бағдарламалар құру тәжірибесін талқылау үшін сессиялар ұйымдастырылатын болады.

Бұл семинар Жоба командасы мен Сіздің оқу орныңыз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бастапқы нүкте бола алады, өйткені жобаны іске асыру шеңберінде оқу орындарымен іс-шаралар (экскурсиялар, бағдарламалар және т.б.) өткізілетін болады.

Семинар 2021 жылдың 27-28 сәуірінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Семинар ZOOM платформасында онлайн режимінде өтеді (сілтеме және семинар бағдарламасы тіркелгеннен кейін жіберіледі).

Семинарға тіркелу үшін 2021 жылдың 22 сәуіріне дейін онлайн-сауалнаманы келесі сілтеме бойынша толтыру қажет: https://forms.office.com/r/XxUZGxpRth