АЭжБУ магистранттарына арналған Эразмус + гранттары


26.04.2021 Все объявления


АЭжБУ магистранттары назарына!

АЭжБУ магистранттары үшін 2021/2022 оқу жылының күзгі семестрінде Эразмус+ бағдарламасы бойынша Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінде (Германия) оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылданады. Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті АЭжБУ магистранттары үшін 4 грант бөледі: 

2 Эразмус+ толық гранты;

2 Erasmus Zero Grants  - оқыту тегін, Эразмус+ толық визалық қолдау және қабылдаушы ЖОО тарапынан шақыру және тұру көмегі қарастырылған,  алайда Erasmus Zero Grant стипендия беруді қарастырмайды.

Гранттар келесі мамандыққа бөлінеді:

Electrical and Computer Engineering (M. Eng.) - Department of Electrical, Mechanical and Industrial Engineering / DD Embedded Systems - сілтеме

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 24.05.21ж. дейін.

Сканерден өткізілген нұсқадағы құжаттарды (аты-жөні, мамандығы, курсы, тобы көрсетілген) d.iskakova@aues.kz  поштасына жіберуді сұраймыз.

* Іріктеу шарттары, өлшемдері туралы танысу ақпараты төменде көрсетілген.