30.04.2021 Все объявления
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ-да PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Сандугаш Кудайбергеновна Оразалиеваның 6D071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша «Талшықты оптикалық Брэгг торларының спектрлік сипаттамаларына фотосенсибилизация әсерін талдау» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертация «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ «Телекоммуникация және инновациялық технологиялар» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі: қазақ.
Рецензенттер:
Елена Ажибековна Бахтиярова – техника ғылымдарының кандидаты, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қазақстан, Алматы қ. «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ.
Айнур Турсынкановна Жетписбаева – философия докторы (PhD), «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы қауымдастырылған профессорының м.а., Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.
Ғылыми кеңесшілер:
Мубарак Захидовна Якубова – техника ғылымдарының докторы, ҚазҰЖҒА академигі, «Телекоммуникациялар және инновациялық технологиялар» кафедрасының профессоры, Қазақстан, Алматы қ. «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ.
Вуйцик Вальдемар – техника ғылымдарының докторы, Польша, Люблин қ. Люблин технологиялық университетінің профессоры.
Қорғау 8D071 «Инженерия және инженерлік іс» («Электр энергетикасы», «Жылу энергетикасы») және 8D062 «Телекоммуникациялар» («Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар») бағыттары бойынша «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» комерциялық емес АҚ диссертациялық кеңесінде 2021 жылдың 12 мамырында сағат 14:00-де келесі мекенжай бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі 126/1, А ғимараты, А №213, Ғылыми кеңес отырысының залы.
Сайт мекенжайы: www.aues.edu.kz
Конференция идентификаторы 845 0388 4840
Кіру коды: M0Z3uC