Зардап шеккен Б.Жанболатоваға және АЭжБУ-дың қаза болған түлектерінің отбасыларына қаржы жинауға арналған қайырымдылық жәрмеңкесі


12.02.2020 Все объявления


Өткен жылдың 27 желтоқсанында жантүршігерлік оқиға –  “Bek Air” компаниясының авиалайнері апатқа ұшырады.

Кейін анықталғандай, ұшақ бортындағы жолаушылар арасында біздің студенттер де болған.

Бұл апат біздің университеттің екі түлегі Абай Нұрбеков пен Валерий Ануфриевтың өмірін қиды.

Абай Нұрбеков университетті 2005 жылы “Электр станциялары” мамандығы бойынша үздік аяқтап, отбасының жалғыз асыраушысы болған болатын.  Абайдың жұбайы мен төрт баласы әкелік тірек пен қолдаусыз қалды.⠀

Ануфриев Валерий 2006 жылы “Жылу электр станциялары” мамандығы бойынша оқуын аяқтаған болатын.  Студенттік жылдары университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысқан Валерий оқытушылардың есінде қалды.

ЭЭ-18-9 тобының 2-курс студенті Бекзат Жанболатова зардап шеккендер қатарында болды. Ұшақ апатынан кейін Бекзат беліне  2 ота жасап, қазіргі уақытта оңалтудан өтуде. Медициналық зерттеулер келесі диагнозды анықтады: T06.8 – дененің бірнеше бөлігімен қоса, басқа да анықталған жарақаттар; буын өсіндісінің және омыртқаның сынуы, омыртқаның шығуы, үлкен жілік және кіші жілік сүйегінің сынуы, қосымша қаназдығы байқалады (нақты емес).

“Children Charity Club” зардап шеккен Б. Жанболатова мен қаза тапқандардың отбасыларына арналған қайырымдылық жәрмеңкесін өткізетіні туралы хабарлайды.

– Жәрмеңке күні: 30 қаңтар

– Уақыты: 10: 00-17:00

– Өтетін орны: “А” ғимаратының фойесі

Қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тез сауығып кетуін тілейміз.

ENERGO UNIVERSITY