Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Республикалық студенттік стипендиялар конкурсына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды


02.06.2021 Все объявления


Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Республикалық студенттік стипендиялар конкурсына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс 2010 жылдан бастап студенттер арасында олардың оқу, ғылыми және шығармашылық қызметін көтермелеу мақсатында өткізіледі. Осы уақыт ішінде 700-ден астам дарынды қазақстандық Қордың стипендиаттарына айналды.    

Конкурсқа жоғары және орта арнаулы (Өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінің студенттері қатыса алады.

Жеке стипендия алуға үміткерлер:

— кемінде екі оқу курсын сәтті аяқтауға;

— академиялық үлгерімнің жоғары көрсеткіштеріне ие болуға (үздік оқу);

— қоғамдық және ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысуға;

— халықаралық, республикалық фестивальдар мен конкурстарда жетістікке жетуге (оқу орындарының студенттері үшін "Өнер және мәдениет" бағыты бойынша) міндетті.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын студенттер қатыса алады.

Конкурс екі кезеңде өтеді:

1-тур. Оқу орнының базасында, оның барысында стипендия алу үшін үздік студенттерді іріктеу жүзеге асырылады;

2-тур. Оқу орындары ұсынған және конкурсқа қатысуға жіберілген студенттер арасында Қормен өткізіледі.

Стипендия алуға ақысыз да, ақылы да негізде оқитын студенттер үміткер бола алады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы бір оқу жылына белгіленеді және жазғы кезеңді қоспағанда, тек оқу кезеңі (екі семестр) үшін ай сайынғы негізде төленеді.

Стипендия тағайындау ережелері fnn.kz сайтының «Жобалар мен конкурстар» бөлімінде жарияланған.

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 15 тамызына (қоса алғанда) дейін жалғасады.