22.06.2021 Все объявления
«Абай-Верн» бағдарламасының арқасында Францияда 30-дан астам қазақстандық магистранттар мен докторанттар тегін білім ала алады. Ұтқырлық бағдарламасы коронавирустық пандемияға байланысты мораторий енгізілгеннен бір жыл өткен соң қайта басталды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Францияның Қазақстандағы Елшісі Дидье Каннес Франко Қазақстан стипендиясы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды.
2021-2022 оқу жылында «Абай-Верн» стипендиясының иегерлері екінші курстың 30 магистранты және бірлескен ғылыми басшылықпен диссертация дайындауды жүзеге асыратын 5 докторант бола алады.
«Абай-Верн» стипендиясы магистранттар мен докторанттарға Франция университеттерінде Француз немесе ағылшын тілдерінде оқу үшін беріледі. Оны Францияда оқыған 10 ай ішінде магистратураның екінші курсында оқитын Қазақстан азаматтары және докторантура бағдарламасы бойынша оқитын үш жыл бойы 6 айдан ала алады. Мамандықтарды таңдау шектеулі емес, жас шектеулері де жоқ. Үміткерлердің француздық жоғары оқу орнына немесе ғылыми-зерттеу орталығына магистратура немесе докторантура бағдарламалары бойынша оқуға алдын ала қабылданғандығы туралы растау хаты болуы тиіс»,-деп атап өтті ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының м.а. Эльмира Асан.
«Абай-Верн» стипендиясын жеңіп алған магистранттарға ай сайын 800 евро мөлшерінде, докторанттарға – Ұлттық банк бағамы бойынша 1200 евро мөлшерінде стипендия есептелетін болады. Сондай-ақ, стипендиаттар Франциядағы университет жатақханасында орын бөлу, ұзақ мерзімді студенттік виза және француздық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тегін тіркелу артықшылығына ие болады.
«Абай-Верн» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 4 шілдесіне дейін жалғасады. Кандидаттарды іріктеуді Қазақстан-француз тәуелсіз комиссиясы жүргізеді.
Напомним, «Абай-Верн» – это совместная стипендиальная программа Министерства образования и науки РК и Министерства Европы и иностранных дел Франции. За время подписания соглашения обладателями престижной международной стипендии «Абай-Верн» стали 158 казахстанских магистрантов и докторантов.
Естеріңізге сала кетейік, «Абай-Верн» - бұл ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің бірлескен стипендиялық бағдарламасы. Келісімге қол қою кезінде 158 қазақстандық магистранттар мен докторанттар беделді «Абай-Верн» халықаралық стипендиясының иегерлері атанды.