DataArt барлығын Proggy-Buggy Contest бағдарламалау бойынша халықаралық әзіл-сықақ олимпиадасына қатысуға шақырады


28.10.2021 Все объявления


DataArt барлығын Proggy-Buggy Contest бағдарламалау бойынша халықаралық әзіл-сықақ олимпиадасына қатысуға шақырады

Жарысқа Алматыдағы DataArt кеңсесінен онлайн және офлайн режимінде қатысуға болады. Proggy-Buggy Contest 2013 жылдан бері өткізіліп келеді, өткен жылы олимпиадаға 16 елден және 88 қаладан командалар қатысты.

Біз мектеп оқушылары мен студенттерді, әзірлеушілерді, сынақ жүргізушілерді  және бағдарламалардың қалай жазылатынын білетін және «Стандартты енгізу/шығару ағындары» деген не екенін білетін барлық құмар адамдарды күтеміз. Тапсырмалар қарапайым және көңілді болады, тапсырмалар саны — 13, берілетін уақыт уақыт — 42 минут болады.

Олимпиада тапсырмаларының тілі – ағылшын.

Кез келген мәселенің шешімі – консольдік қосымша, оның бастапқы мәтіні ашылмалы тізімнен бағдарламалау тілін таңдау арқылы тексеру серверіне жіберілуі керек (C, C++, Free Pascal, Java, Mono C#, Python, Ruby, PHP, JavaScript қолжетімді). Шешімдер барлық қатысушылар үшін бірыңғай серверде автоматты түрде тексеріледі, соның арқасында жеңімпаздарды тез анықтауға болады.

Олимпиада екі санатта өтеді:

Әуесқойлар (Ұлттық студенттік (ACM ICPC) немесе мектеп (IOI) олимпиадасына немесе басқа бағдарламалау жарыстарына қатысу тәжірибесі жоқ).

Кәсіби мамандар (Ұлттық студенттік (ACM ICPC) немесе мектеп (IOI) олимпиадасының немесе басқа бағдарламалау жарыстарының қатысушылары).

Жалпы сынақтағы жеңімпаздардан және құрметті екінші және үшінші орын алған командалардан басқа, біз қосымша номинациялар бойынша қатысушыларды марапаттаймыз:

Қатысу ережелері

Жеке қатысушыларға тек ноутбук және желіге тұрақты қосылу қажет.

Командалар үшін қатысушылар саны үштен аспайды. Командаға тек бір құрылғыны пайдалануға рұқсат етіледі, оның шешімдері серверге тексеру үшін жіберіледі.

Өткен жылдың тапсырмаларын мына жерден көруге болады.

Қатысу тегін, сілтеме бойынша тіркелу қажет.

Басталуы: 30 қазан 2021, 17:30 (UTC+6).

Қатысуға болады:

1. Офлайн Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, DataArt ( кіру SmArt.Point жағынан) мекенжайы бойынша;

2. Онлайн,  proggy-buggy.com сілтемесі бойынша тіркелуден өту арқылы

ENERGO UNIVERSITY