Хабарландыру


12.02.2020 Все объявления


«Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ» КеАҚ Әскери іс институты (әскери кафедра) 2020 жылдың 10 ақпанынан бастап ақылы негізде Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша білім алу  үшін байқау іріктеуіне қатысуға басқа ЖОО  студенттерінен  өтініш қабылдауды жүргізеді.

Өтініш бірінші курс ( 4 жылдық оқумен) және екінші курс ( 5 жылдық оқумен) студенттерінен және колледжді аяқтағаннан кейін ЖОО-ның екінші курсына қабылданған студенттерден, 24 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтарынан қабылданады.

Мекен-жайы:  Алматы қ., Байтұрсынов көшесі, 140. (Тимирязева көшесінің бұрышы).

Барлық сұрақтар бойынша: +7-(727)-292-24-27, 292-00-87

 Өтініш  беру  мерзімі: 2020 жылдың 10 ақпанынан

 Қажетті құжаттар тізімі:

-жеке куәлік (түпнұсқа  және көшірме);

-тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме);

-3х4  фотосурет

-2 (екі) дана;

-Сотталмағандық туралы немесе сотталғанын растайтын анықтама;

-Спорттық жетістіктерін  (бар болған жағдайда) растайтын құжат;

-Студенттің ЖОО-да  нақты оқып  жатқанын растайтын факультет  деканының қолы қойған анықтама.

 

 «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ» КеАҚ

             Әскери істер  институтының (әскери кафедра) әкімшілігі

ENERGO UNIVERSITY