АЭжБУ-де Садыкова Самал Бекболатовнаның «ГТҚ-ң сақиналы жану камералары үшін микромодульді ауалы форсункаларды зерттеу және жасақтау» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді


24.11.2021 Все объявления


ORCID 

Scopus Author ID: 57199506286

Researcher ID: P-7264-2017

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» Коммерциялық емес АҚ-да D098 – «Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламалар тобы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін Садыкова Самал Бекболатовнаның «ГТҚ-ң сақиналы жану камералары үшін микромодульді ауалы форсункаларды зерттеу және жасақтау» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді.

ORCID 

Scopus Author ID: 57199506286

Researcher ID: P-7264-2017

Диссертация «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ «Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі: орысша.

Диссертация диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.

Рецензенттер:

Никифоров Александр Степанович – т.ғ.д., Торайғыров университетінің «Жылу энергетикасы» кафедрасының профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы.

Султангузин Ильдар Айдарович – т.ғ.д., «Мәскеу энергетикалық институты» Ұлттық Зерттеу университетінің «Өнеркәсіптік жылу энергетикалық жүйелер» кафедрасының профессоры, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы.

Ғылыми кеңесшілер:

Достияров Абай Мухамедьярұлы – техника ғылымдарының докторы, «Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының профессоры, «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Jordan Hristov – PhD, Химиялық технология және металлургия университетінің профессоры, София, Болгария.

Диссертациялық кеңестің уақытша құрамы:

  1. Калытка Валерий Александрович – Қарағанды техникалық университетінің «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының доценті, Қарағанды қ., 6D011000 – Физика мамандығы бойынша PhD.
  2. Устименко Александр Бориславович – «ҒТҚ Плазматехника» ЖШС-ң директоры, Алматы қ., 01.04.14 – Жылуфизика және теориялық жылутехника мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы.
  3. Степанова Ольга Александровна – Семей қ., Шәкәрім университетіндегі техниякалық физика және жылу энергетикасы кафедрасының меңгерушісі, доцент, 05.18.12 – «Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты, PhD.
  4. Мухамедов Нуржан Еролович – Курчатов қ., «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Атом энергиясы институты» филиалындағы реакторлық отынды сынау зертханасының басшысы, 6D072300 – Техникалық физика мамандығы бойынша PhD.
  5. Талипов Олжас Манарбекович - Торайғыров университеті, «Электротехника және автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі, 6D071800 – Электр энергетикасы мамандығы бойынша PhD.

Қорғау 2021 жылғы 24 желтоқсанда сағат 16:00-де 050013, Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 126, А корпусы, мекенжайы бойынша орналасқан «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» Коммерциялық емес АҚ-ның №213 Ғылыми кеңестің мәжіліс залында 8D071 «Инженерия және инженерлік іс» («Электр энергетикасы», «Жылу энергетикасы») және 8D062 «Телекоммуникациялар» (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) бағыттары бойынша диссертациялық кеңесте өтеді.

Сайттың мекен-жайы: www.aues.edu.kz

Онлайн қатысуға арналған сілтеме

Конференция идентификаторы: 541 307 4756

Кіру коды: 1234

Жарияланған күні: 19.11.2021 г.

Еңбектер тізімі

Аннотация

Диссертация

Шетелдік кеңес берушінің пікірі 

Ғылыми кеңес берушінің пікірі 

 

ENERGO UNIVERSITY