Алматы энергетика және байланыс университетінің 45-жылдығына арналған «Ғылым, білім және бизнестегі цифрлық жүйелер мен киберқауіпсіздік» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы


12.02.2020 Все объявления


2020 жылдың 17-18 сәуірінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институты Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің 45-жылдығына арналған “Ғылым, білім және бизнестегі цифрлық жүйелер мен киберқауіпсіздік» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференцияның мақсаты инновациялық ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар, басқару жүйелері және киберқауіпсіздіктің қазіргі күйі, даму перспективаларын талдау; ғылым, білім және бизнесті интеграциялау жолдарын анықтау, оқу орындарында АКТ-саласының мамандарын даярлау сапасын жақсарту болып табылады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

-Ғылым мен бизнестегі инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

-Мемлекет, қоғам және жеке тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігінің жағдайы мен болашағы.

-Іргелі ғылым мен білімнің заманауи мәселелері (математика, информатика, механика, физика).

-XXI ғасырдағы басқару жүйелері.

-Цифрландыру жағдайындағы қазіргі лингвистика және тілдік білім берудің қарқыны мен болашағы.

Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан және Португалия, Корея, Германия, Франция, Польша, Түркия шетел ЖОО-да АКТ – мамандарын дайындауды жүзеге асыратын оқу орындарының ректорлары, проректорлары, факультет (институт) декандары (директорлары), сондай-ақ жетекші отандық және шетелдік АКТ-компаниялары қатысады.

Ақпараттық хат

ENERGO UNIVERSITY