Ревакцинациядан өтуге ниет білдірушілерге!


21.01.2022 Все объявления


Құрметті Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері!

22 қарашадан бастап Алматының медициналық ұйымдарында 6-9 ай бұрын вакцина алған азаматтарды коронавирустан ревакцинациялау басталды. 

Бүгінгі таңда Алматыда ревакцинация жүргізетін үш вакцина тіркелген: «Спутник V» , қытайлық Vero Cell және отандық QazVac.  Сонымен қатар, Алматы тұрғындары Pfizer компаниясынан американдық вакцинамен ревакцинация жүргізуге өтінім бере алады. Қазір бұл вакцина тек 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, 60 жастан асқан адамдарды, жүкті және бала емізетін әйелдерді иммундау үшін қолданылады.

Ең алдымен, коронавирусқа қарсы ревакцинация 65 жастан асқан қарт адамдарға, иммунитеті төмен адамдарға, «алдыңғы қатарда» жүргендерге (дәрігерлер, күш құрылымдары және т.б.), сондай-ақ алғашқы вакцинаны алғаннан бері 6-9 ай өткен адамдарға ұсынылады.

Алдымен ревакцинациядан кім өтеді?

КВИ-мен ауырған адамдар вакцинацияның аяқталған курсынан кейін сауыққаннан кейін 3 айдан соң қайта вакцинациядан өте алады.

Ревакцинациядан өтуге ниет білдірушілердің барлығы № 7 қалалық емханаға келесі мекен-жай бойынша жүгіне алады: Бұқар Жырау бульвары 14, сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін (демалыс – жексенбі).

ENERGO UNIVERSITY