«YOUNG EMPLOYER» халықаралық бизнес-жобалар конкурсына қатысыңыз


18.02.2022 Все объявления


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы ҚЫРҒЫЗСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ (Бішкек қ., Қырғызстан) академиялық консорциумы, БЗАТИ (Бішкек қ., Қырғызстан), Тәжікстан технологиялық университетінің филиалы  (Тәжікстан, Исфара қ.), Тәжікстанның республикалық бизнес инкубаторы (Душанбе қ., Тәжікстан), Бұхара мемлекеттік университеті (Өзбекстан Бұхара қ.), Солтүстік-Шығыс федералды университеті (Якутск, Ресей), «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ, «КСЕТ» ЖШС, «KAJET» бизнес-мектебі, «ПАРАГРАФ» АЖ, «The Boss media group» ЖШС / UCHET.KZ, «Учет» бухгалтерлердің кәсіби ұйымы, Технологиялар мен инновациялық жобаларды коммерцияландыру орталығы, START бизнес-инкубаторы және Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының Экономика факультетімен серіктестікте VII Халықаралық «YOUNG EMPLOYER» бизнес-жобалар конкурсына қатысуға шақырады.

Конкурстың мақсаты – студенттер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен креативті ойлауын, кәсіпкерлік саласындағы практикалық дағдыларды дамыту, ғылыми қызметке қызығушылық танытатын менеджмент, бизнес және экономика саласындағы ең дарынды оқушылар мен студенттерді анықтау және қолдау, сондай-ақ бизнес-білім беруді танымал ету.

Конкурсқа қатысуға оқушылар, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері шақырылады. Конкурсқа 1-ден 3 адамға дейінгі команда және жобаның ғылыми жетекшісі қатысады. Барлық қатысушы командалар арасында ең жоғары балл сомасына ие команда жеңімпаз болып танылады.

Конкурс 3 айналымда өткізіледі:

Бірінші айналым 2022 жылдың 1 наурызынан 19 сәуіріне дейін өткізіледі.

Бірінші айналымға қатысу үшін қатысушы команда:

- конкурсқа қатысушының сауалнамасын толтырады (1-қосымша).

Екінші айналым  –2022 жылдың 19 сәуірінен 29 сәуіріне дейін.

Сараптау комиссиясы қатысушылардың конкурстық жұмыстарына іріктеу жүргізеді (максималды саны 10).

Үшінші тур – финал 2022 жылдың 29 сәуірінде Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының Экономика факультетінің базасында Технологиялар мен инновациялық жобаларды коммерцияландыру орталығы жанындағы «Start» бизнес инкубаторының қызметі аясында онлайн және офлайн режимінде өткізіледі.

Үшінші турға қатысу үшін ғылыми жетекшілері бар, ең маңызды, негізделген және өзекті коммерциялық жобаларды орындаған, бірінші турдың нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған командалар (максималды саны 10) шақырылады.

3-ші айналым бағдарламасында:

- «ZOOM» платформасында жобаны қорғау, салалық, өңірлік бөліністе өз жобасын негіздей отырып, Microsoft Power Point-тегі көрсетілім(командаға берілетін уақыт – 10 минут); ➢ сұрақ/жауап сессиясы – 3 минут.

Конкурстың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Конкурсқа қатысу ерікті және тегін негізде жүзеге асырылады.

Конкурсты өткізу қағидаларымен «Young employer» халықаралық бизнес-жобалар конкурсын өткізу туралы ережесі бойынша Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының сайтын: https://kazatiso.edu.kz/ арқылы толығырақ танысуға болады

Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Барлық қатысушыларға «YOUNG EMPLOYER» халықаралық бизнес-жобалар конкурсына қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.

* VII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «YOUNG EMPLOYER» БИЗНЕС-ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ қорытындылары бойынша конкурс аяқталғаннан кейін бір ай ішінде жобалардың электрондық жинағы шығарылады.

1 қосымша