Германия Елшілігі 2022 жылы экологиялық және климаттық дипломатия жобаларын қаржыландырады


24.03.2022 Все объявления


Германия елшілігі 2022 жылға арналған Экология және климат саласындағы жобаларды қаржыландыруға конкурс жариялайды.
Жобалық ұсыныстарыңыз келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс: 

•   Жобалық ұсынысыңыз климаттық мақсаттарды іске асыруға және ықпал етуге (мысалы, COP26, G7 және G20 қарарларына сәйкес) және қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күрес, биоәртүрлілікті қолдау, су ресурстарын қорғау және т. б. мақсаттарды іске асыруға бағытталуы тиіс. 

•   Жобаның бюджеті 50 000 еуродан аспауы тиіс.

•    Жобаны Қазақстанда тіркелген ұйым (ҮЕҰ, талдау орталықтары және т.б.) іске асыруы тиіс. Тек сатып алу шаралары қаржыландыруға жатпайды.Қосымша ақпарат, сондай-ақ өтініш формуляры Елшілік сайтының "Экономика" бөлімінде қолжетімді. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 10 сәуірге дейін жүзеге асырылады!

Сілтеме