11.04.2022 Все объявления
2022 жылдың 12 сәуірінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Алматы қалалық комиссиясы мүшелерінің қатысуымен "Алматы қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың кейбір мәселелері" тақырыбында онлайн-семинар өтеді. Аталған іс-шараны қоғамдық ғылымдар кафедрасы ұйымдастырды.
Белгілі болғандай, 9 бағыттан тұратын Алматы қалалық комиссиясының ғылыми-зерттеу топтарының құрамына кафедраның 5 оқытушысы кіреді, олардың үшеуі жұмыс топтарын басқарады. Жұмыстың тиімді орындалуын ескере отырып, университет Қазақстан тарихын зерттеу орталығын құруға көмектесті және өткен жылдың соңында біздің баяндамамыз ғылыми-техникалық кеңесте тыңдалды.
Семинар барысында келесі бағыттар бойынша зерттеулердің нәтижелері пысықталатын болады:
1. Архивтағы іздеу процесі;
2. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның қызметін жариялау бойынша медиажоспарды іске асыру;
3. Мемлекеттік комиссияның жалпы редакциясына кіретін жұмыс топтарының тақырыптық жинақтарын шығару туралы;
4. Өңірлік деңгейде волонтерлікті күшейту жолдары;
5. Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын анықтау мәселесі;
6. 31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараларды өткізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Сіз онлайн-семинарға қатысып, біздің жұмысымызбен таныса аласыз; жұмыс топтарының басшыларына сұрақтар қою мүмкіндігі де бар.
Қосылу: meet.google.com/dpd-ozxb-emp