АЭжБУ 2022 жылғы 01 мамырдан бастап кафедра меңгерушісі лауазымына онлайн конкурс жариялайды


29.04.2022 Все объявления


АЭжБУ 2022 жылғы 01 мамырдан бастап АЭжБУ-да оқытылатын пәндер бейініне сәйкес білімі, ғылыми дәрежесі, сондай-ақ педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар кафедра меңгерушісі лауазымына онлайн конкурс жариялайды.

Кафедра Кафедра меңгерушісі
Электр машиналары және электр жетегі  v
Электрмен жабдықтау және энергияның жыңғыртылатын көздері   v
Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік  v
Электроника және робототехника v
Ғарыштық инженерия v
Телекоммуникациялар және инновациялық технологиялар v
IT-инжиниринг v

2022 жылдың 01 қыркүйегінен бастап жоспарланған ең төменгі жалақы (теңге)

535 000 тенге

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар https://kkk.aues.kz АЭжБУ электрондық платформасы арқылы өтініш пен құжаттарды онлайн (сканерленген немесе суретке анық түсіріп) түрде 2022 жылдың 18 мамыры сағат 24:00 дейін тапсырады.

Конкурсқа қатысу бойынша нұсқаулық сілтемеде қоса беріледі.

Ғылым кандидаты және/немесе докторы ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін диссертация авторефератының шифры мен қорғау мамандығының атауы көрсетілген бірінші және екінші беттерінің сканерін (фотосуретін) қоса беру міндетті.

Құжаттардың түпнұсқалары келісім-шартты ресімдеу кезінде конкурстан өткеннен кейін ұсынылады.

АЭжБУ электрондық платформасына құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурсқа қатысуға тіркеуден бас тарту немесе ұсынбау үшін негіз болып табылады.

Сұрақтар туындаған жағдайда Қызметкерлерді басқару бөліміне жүгінуге болады: А-232, телефон: +7 727 323 1175 (ішкі: 6111, 6112), ұялы: 8 707 600 64 87.

ENERGO UNIVERSITY