«Медикер» ЖШС ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін медициналық көмек көрсетеді


13.09.2022 Все объявления


«Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ» КеАҚ студенттері мен қызметкерлері «Медикер» ЖШС медициналық орталығына ынтымақтастық аясында өз бетінше тіркеле алады.

«Медикер» ЖШС Қазақстанның түрлі аймақтарындағы барлық жастағы тұрғындарға білікті медициналық қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда компания адам денсаулығын басқарудың келесі кешенді тәсілін ұсынады: алдын алу - диагностика - емдеу - медициналық оңалту.

Медициналық орталықта жұмыс істейтін мамандар:

Терапевт, жалпы практика дәрігері, Педиатр,

Уролог, Невропатолог, Оториноларинголог,

Гинеколог, Кардиолог, Гастроэнтеролог, Психолог,

Эндокринолог, Физиотерапевт, Уролог, Хирург

Жеке зертхана, емшара кабинеті, күндізгі стационар, УДЗ, физиотерапия.

Медициналық ұйымға тіркелу алгоритмі:

egov. mobile →ЖСН / телефон нөмірі → қызметтер → денсаулық сақтау → алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу → Қызметке ОНЛАЙН тапсырыс беру → қызметті алу → өзіне (егер 18 жасқа толмаған болса, онда ата-ананың ЭЦҚ арқылы балаға баланың ЖСН-ін іздеуді таңдаймыз) → өңір → Алматы қаласы → Бостандық ауданы → Медициналық ұйым → «Медикер» ЖШС → Тіркелу себебі → қоныс аудару → медицина қызметкерлері → кез келген дәрігер → нақты тұратын мекен-жайын көрсету қажет (Алматы қ.) → сұраныс жіберу (өңдеуге 1 күн).

Тегін медициналық қызмет көрсетуді іздеген болсаңыз, онда Сізге «Медикер»ЖШС-да тіркелу және сапалы медициналық қызметтерді алу мүмкіндігі беріледі.