21.09.2022 Все объявления
АЭжБУ 2022 жылғы 22 қыркүйектен бастап педагогикалық қызметкерлер лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі және жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында алған ғылыми дәрежесі немесе жоғары білімі (QS рейтингінің Топ 500) және өндірісте кемі 3 жыл жұмыс өтілі бар кафедра меңгерушісі лауазымына онлайн конкурс жариялайды.
Кафедра | Кафедра меңгерушісі |
IT-инжиниринг |
V |
Телекоммуникациялар және инновациялық технологиялар |
V |
Электр энергетикалық жүйелер | V |
2022 жылдың 01 қазанынан бастап жоспарланған ең төменгі жалақы (теңге) | 535 000 теңге |
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар https://kkk.aues.kz АЭжБУ электрондық платформасы арқылы өтініш пен құжаттарды онлайн (сканерленген немесе суретке анық түсіріп) түрде 2022 жылдың 07 қазаны сағат 24:00 дейін тапсырады
Конкурсқа қатысу бойынша нұсқаулық сілтемеде қоса беріледі
Ғылым кандидаты және/немесе докторы ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін диссертация авторефератының шифры мен қорғау мамандығының атауы көрсетілген бірінші және екінші беттерінің сканерін (фотосуретін) қоса беру міндетті.
Құжаттардың түпнұсқалары келісім-шартты ресімдеу кезінде конкурстан өткеннен кейін ұсынылады.
АЭжБУ электрондық платформасына құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурсқа қатысуға тіркеуден бас тарту немесе ұсынбау үшін негіз болып табылады.
Сұрақтар туындаған жағдайда Қызметкерлерді басқару бөліміне жүгінуге болады: А-232, тел.: +7 727 323 1175 (ішкі: 6111, 6112), ұялы: 8 707 600 64 87.