ОПҚ НАЗАРЫНА!


12.10.2022 Все объявления


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті коммерциялық емес АҚ "ЖОО үздік оқытушысы" атағын беру конкурсының ЖООішілік кезеңіне (I кезең) қатысуға өтініш берудің басталғанын жариялайды.

Конкурстың ЖООішілік кезеңіне келесі талаптарға сай келетін ОПҚ қатыса алады:

 1) ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар;

 2) Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде АЭжБУда  кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі барлар.

Конкурсқа қатысқысы келетін ОПҚ 2022 жылдың 24 қазанына дейін Академиялық мәселелер департаментіне (А-204) келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

1. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларының (бұдан әрі «қағидалар») 1-қосымшасына сәйкес "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген (30.10.2020ж. № 466 өзгертулермен);

2.Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

3.Институт кеңесінің  ұсыныстары;

4.Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

5.Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;

6.Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.

"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидалары  https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010506