2023 жылғы 10 қаңтарда «6-35 кВ электр желілерін асқын кернеулер мен қысқа тұйықталулардан біріктірілген қорғау жүйесін зерттеу, әзірлеу және енгізу» тақырыбында семинар өтеді


09.01.2023 Все объявления


Құрметті әріптестер!

2023 жылғы 10 қаңтарда АЭжБУ КеАҚ А ғимаратының А-338 аудиториясында Электр энергетикасы және электр техника институтының «Электр энергетикасы жүйелері және электрмен жабдықтаудың сенімділігі» тақырыптық ғылыми-зерттеу зертханасында «6-35 кВ электр желілерін асқын кернеулер мен қысқа тұйықталулардан біріктірілген қорғау жүйесін зерттеу, әзірлеу және енгізу» тақырыбында офлайн режимде (және Google meet платформасында онлайн режимде) семинар өтеді, оған Халықаралық кәсіпорындар мен жоғары оқу орындары, сондай-ақ ҚР энергия кәсіпорындары қатысады.

Семинар мақсаты: 6-35 кВ электр желілері жұмысының сенімділігін арттыру мәселелерін шешу жолдарын анықтау. Ғылыми бағыттың алынған нәтижелерін талқылау.

Конференцияға Google meet арқылы қосылу сілтемесі:https://meet.google.com/nmz-pmdx-xpy

Конференцияға барлық тілек білдірушілер, ОПҚ, магистранттар, докторанттар, сондай-ақ энергия кәсіпорындары мен ЖОО қызметкерлері шақырылады.

ENERGO UNIVERSITY