ҒАРЫШТЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ КАФЕДРАСЫ Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ 1-2 курс студенттері үшін Физика пәні бойынша олимпиаданың 1-ші турын (университеттік) өткізеді


28.03.2023 Все объявления


ҒАРЫШТЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ КАФЕДРАСЫ

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ 1-2 курс студенттері үшін

Физика пәні бойынша олимпиаданың 1-ші турын (университеттік) өткізеді

РЕГЛАМЕНТ

1. Олимпиаданың университеттік туры 2 кезеңде өткізіледі: іріктеу және негізгі кезең.

2. Олимпиаданың іріктеу кезеңі компьютерлік тестілеу түрінде өткізіледі.

Іріктеу кезеңін өткізу күні 30.03.2023 жылы А300 аудиторияда

Өткізу уақыты 16.00-17.00.

Тест 30 тапсырмадан тұрады. Тест тапсыруға 40 минут беріледі.

Тестілеу нәтижелері бойынша үздік нәтиже көрсеткен алғашқы 25 студент университет олимпиадасының негізгі кезеңіне өткізіледі.

3. Университет олимпиадасының негізгі туры 31.03.2023 ж. А423 (қазақ және орыс бөлімшелері) аудиториясында өтеді. Басталуы 12.10 аяқталуы 14.10.

Қатысушылардың әрқайсысы 5 тапсырмадан тұратын есептерді жазу үшін 12 беттік дәптер алады.

4. Қатысушыларға қойылатын сөзсіз талап – студенттер есептерді өз бетінше орындауы қажет. Әрбір есеп шешімі түсіндірулермен; қажет болған жағдайда суреттермен немесе диаграммалармен сүйемелденуі тиіс. Студенттердің гаджеттерді (Ноутбуктер, iPhone, iPad, ұялы телефондар) пайдалануына рұқсат етілмейді.

Негізгі турға қатысушылардың жұмыстарының нәтижелері студенттер чатына жіберіледі.

Осыдан кейін 20 минут ішінде апелляциялық комиссия апелляцияға жіберілген арыздарды қарайды.

5. Жүлдегерлер мен қатысушылар дипломдармен марапатталады. Олимпиада жүлдегерлері ректордың бұйрығына сәйкес конкурстық комиссияның шешімі негізінде ақшалай марапатталады.

6. Олимпиадаға дайындық мақсатында кафедра оқытушылары студенттер үшін кеңес ұйымдастырады.

Кеңес беру кестесі

  Оқытушының аты жөні          Күні           Уақыты                Аудитория

1 Нысанбаева С. К., доц.                   30.03          15.00                    А308

2 Саламатина А. М., доц.                  29.03          13.00                    А310

3 Сыздықова р. Н., аға оқытушы.     30.03          13.00                   А308