«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ әскери кафедрасы запастағы офицерлер (ұлдар мен қыздарды) және запастағы сержанттар (ұлдарды) даярлау бағдарламалары бойынша оқыту үшін студенттерді қабылдайды.


27.04.2023 Все объявления


ХАБАРЛАНДЫРУ

«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ
әскери кафедрасы запастағы офицерлер (ұлдар мен
қыздарды) және запастағы сержанттар (ұлдарды) даярлау
бағдарламалары бойынша оқыту үшін студенттерді

қабылдайды

2023 жылдың 20 ақпанынан бастап Әскери кафедра
Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, 24 жастан аспаған
және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды
Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс
университетінің ұлдар - студенттерінен (1 және 2 курс) және
1 курс қыздар - студенттерінен құжаттар қабылдауды жүргізеді.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін
Сізге мына мекен-жайға келу қажет:
Алматы қаласы, Абай көшесі, 52/Г
(«Байзақ» БО), 2 қабат, 229 кабинет,
тел.244-51-05.
Құжаттарды қабылдау күндері:
КҮН САЙЫН (сенбі, жексенбі -
демалыс).
Жұмыс уақыты: 10.00-ден 16.00-ге
дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге
дейін.
Өзіңізбен бірге тізімге сәйкес
құжаттар болуы керек (құжаттар
тізімімен танысу үшін QR-кодты
сканерлеңіз).

Әскери кафедрада оқудың толық курсын аяқтағаннан
кейін, таңдалған оқу бағдарламасына сәйкес
«запастағы лейтенант» немесе «запастағы сержант»

әскери атағы беріледі