01.09.2023 Все объявления
Қазақстан Республикасының ЖОО-да талапкерлер мен білім алушылар ережелерді айналып өтіп, оқуға түсу, емтихан сессияларын тапсыру, жатақханаларда тұру барысында туындайтын мәселелерді ақшалай сыйақы есебінен шешіп бере алатын тұлғалармен байланысқа түсу жағдайлары жиілеп кетті.
Өтініш! Дәл осылай уәде беретін тұлғаларға ақша төлемеңіздер. Бұл тұлғалар тек осындай мәселелерді шешуге құзыретті екендіктерін айтады. Шын мәнісінде бұл тұлғалардың ЖОО-ға ешқандай қатысы жоқ және сол тұлғалардың мақсаты алаяқтық әрекеттерді жүзеге асыру болып табылады. Мұндай ұсыныстар түскен кезде құқық қорғау органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз.