Болашақ энергетиктер арасында физика-математика пәндері бойынша республикалық олимпиада өткізу туралы ақпараттық хат


05.12.2023 Все объявления


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және коммуникациялар университеті КЕАҚ «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамымен бірлесіп 2023 жылғы 7-8 желтоқсанда болашақ энергетиктер арасында физика-математика бойынша Республикалық олимпиада өткізуде.

Өтетін орны:  Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қаласы.  Байтұрсынұлы көшесі, 126/1. 

Шарттары (1-қосымшасы): 

1. «Электр энергетикасы» және «Жылу энергетикасы» мамандықтарының 2-3 курс студенттер арасында келесі пәндер бойынша олимпиада: «Электр техникасының теориялық негіздері» және «Жылу техникасының теориялық негіздері» (әр пәннен  2 студент). 

2. Бітіруші сынып оқушылары «Физика» және «Математика» пәндері арасындағы олимпиада.

Білім беру ұйымы Олимпиадаға қатысуға 2 білім алушыны жібереді (физикадан – 2, математикадан – 2).

Қатысушылардың іссапар шығындары (жол жүру, тұру және тамақтану) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Ұсынылған үлгі бойынша өтінімдерді 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін беруіңізді, қағаз және электронды тасымалдағышта мына мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз: Алматы қ. Байтұрсынов көшесі, 126/1, «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ, «А» ғимараты, 219 офис. Ғылым және коммерцияландыру департаменті. Электрондық пошта: r.khizhnyak@aues.kz. Тел.: гор: +7-727-323-11-75 (вн 6722), сот: +7 (707) 113-24-20.