Студенттер назарына!


08.10.2019 Все объявления


2019 жылдың 9-12 қазаны аралығында «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ Әскери ісі институтында өтеулі негізде (ақылы оқу) запастағы офицер бағдарламасы бойынша оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға студенттер өтінішін қабылдау жүргізіледі.

Өтінішті 25 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматы, күндізгі оқыту бөлімінде оқитын 2- курс студенттері тапсыра алады.

Мекенжайы: Байтұрсынов көш., 140 (Тимирязев көш. қиылысы)

Сұрақтар бойынша: +7 (727) 292 24 27, 292 00 87

Өтінішерді қабылдау мерзімі: 2019 жылдың 9-12 қазаны аралығы

Әскери кафедрада оқу конкурсына қатысуға ниет білдірген студент  мынадай құжаттарды тапсырады

-Жеке кәулік (түпнұсқа және көшірме);

-Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме);

-3*4 мөлшеріндегі екі фотосурет;

-Ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың бар болған жағдайда біреуінің не қамқорлықтың (қамқоршылықтың) белгіленуін растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі

-Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;

-Жеке істі ресімдеуге көрінетін екі файл.

 Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ Әскери ісі институтының әкімшілігі (әскери кафедра)

ENERGO UNIVERSITY