Қазақ әдебиетінің ақсұңқары


04.04.2024 Все объявления


Тілдер кафедрасы 01.04.-17.04.2024 ж. аралығында Университетіміздің бірінші курс студенттерінің арасында С.Сейфуллиннің дүниеге келуіне 130 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты қазақ тілінен университетішілік кезекті олимпиаданы өтетіні труралы хабарлайды. Пәндік олимпиада екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 01.04-08.08. 2024 ж. аралығында студенттердің жазбаша сауаттылығына арналған А1, А2, В1, В2 және С1 деңгейлерінің білім көрсеткіштеріне байланысты диктант, әңгіме құрастыру, эссе сияқты жазба жұмыстарынан тұрады. 17.04.2024 ж. болатын олимпиаданың екінші кезеңінде жазба жұмыстарын үздік орындаған студенттер қазақ әдебиетінің ақсұңқары атанған С.Сейфуллиннің өлең-жырларын мәнерлеп оқу сайысына қатысып, ақынның өмірі, шығармашылық шеберлігі жайында ұйымдастырылатын сұрақтарға жауап береді.

Екінші кезеңнің өтетін орны мен уақыты: 17.04.2024 ж. сағат: 14.00. А корпусындағы кітапхананың оқу залы

Барлықтарыңызды күтеміз!

Құрметпен тілдер кафедрасының қазақ тілі секциясы ұжымы.