ПОҚ НАЗАРЫНА!


14.10.2024 Все объявления


«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағын беруге арналған конкурстың ЖОО ішіндегі кезеңіне (I кезең) қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс жыл сайын екі кезеңде – ЖОО ішінде және республикалық кезеңдерде өткізіледі. Конкурстың I кезеңі – университетішілік 2024 жылғы 1 қарашадан 2024 жылғы 11 қарашаға дейін өткізіледі.

Конкурстың ЖОО ішіндегі кезеңіне келесі ПОҚ қатыса алады:  

- АЭжБУ штаттық оқытушылары болып табылатындар;

- конкурсқа құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар тұлғалар.

    Конкурсқа құжаттарды тапсыру сәтінде "Үздік оқытушы" атағының иегерлері, аталған атақ берілгеннен кейінгі соңғы он жыл ішінде аталған конкурсқа қатыса алмайды.

 Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін штаттық оқытушылар қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БҒМ АЖ) арқылы келесі құжаттарды тапсырады: 

 

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысуға арналған нысан бойынша өтінім (30.10.2020 ж. № 466 өзгертулермен); 

  2. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

  3.  Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жылдық жұмыс жоспары-кестесі;

  4. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;

  5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

 

Үміткерлер ЖОО ішіндегі конкурстың нәтижелерімен келіспеген жағдайда нәтижелер жарияланған күні апелляцияға береді.

ЖОКБҰ басшының бұйрығымен бекітілген апелляциялық комиссия бір жұмыс күні ішінде апелляция материалдарын қарайды және нәтижелерін апелляцияны ескере отырып жариялайды.

     ЖОКБҰ комиссияның оң шешімін алған үміткерлер конкурстың II кезеңіне өтеді.

    Конкурстың II кезеңі – республикалық 18 қарашадан 13 желтоқсанға дейін өткізіледі, онда конкурс жеңімпаздары анықталады.

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесін қолдану жөніндегі Нұсқаулық universitycontest2024.iac.kz  сайтында жарияланатын болады.

 

ENERGO UNIVERSITY