14.01.2025 Все объявления
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар өтініш пен құжаттарды https://kkk.aues.kz АЭжБУ электрондық платформасы арқылы онлайн (сканерленген немесе анық суретке түсірілген) 2025 жылғы 28 қаңтарға сағат 17:00-ге дейін тапсырады.
Конкурсқа қатысу жөніндегі нұсқаулық сілтеме бойынша қоса беріледі.
Профессор-оқытушылар құрамы лауазымдарының біліктілік сипаттамалары сілтеме бойынша қоса беріледі.
Ғылым кандидаты және/немесе докторы ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін диссертация авторефератының бірінші және екінші беттерінің шифры мен қорғау мамандығының атауы көрсетілген сканерін (фотосуретін) қоса беру міндетті.
Құжаттардың түпнұсқалары еңбек шартын ресімдеу кезінде конкурстан өткеннен кейін ұсынылады.
АЭжБУ электрондық платформасына құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурсқа қатысуға тіркеуден бас тарту үшін негіз бола алады.
Сұрақтар туындаған кезде Қызметкерлерді басқару департаментіне, А-232 кабинетке, тел.: +7 727 323 1175 (ішкі 6111, 6112), моб. 8 707 600 64 87 жұмыс уақытында сағат 09:00-ден-18:00-ге дейін немесе sh.soltangazinova@aues.kz электрондық поштаға хабарласыңыз