«Жоғары білім миссиясындағы жаңа әлеуметтік өлшем» атты жаһандық конференциясы


23.09.2019 Все объявления


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, ҚР ЖОО ректорлар кеңесі, Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық офисі және Л.Н. Гумилев ат. Еуразия Ұлттық университеті 2019 жылдың 30 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында «Жоғары білім миссиясындағы жаңа әлеуметтік өлшем» атты жаһандық конференциясының өтетіні туралы хабарлайды.

Конференция Л.Н. Гумилев ат. Еуразия Ұлттық университетінің  (Сәтпаев 2 көш., Нұр-Сұлтан қ.) негізінде өтеді.

Конференция мақсаты: жаһандық әлемде университеттерді жайғастыру контексінде жоғары білімнің үшінші миссиясын талқылау және оларды ел дамуының драйвері ретінде қарастыру.

Конференция жұмысына халықаралық сарапшылардың, мемлекеттік органдардың, шетелдік және қазақстандық университеттердің, жұмыс берушілер қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуы күтілуде. Сондай-ақ, конференцияға қатысуға Еуропалық Комиссияның білім беру, аудиовизуалды құралдары және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігі, Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігі, шет мемлекеттер елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:

1-секция. ЖОО мен қоғам арасындағы өзара әрекеттестік құралдары мен тәжірибесі.

2-секция. Әлеуметтік даму үшін жоо мен бизнес серіктестігі.

3- секция. Әлеуметтік әділеттілік пен теңдік.

Конференция жұмысы үш тілде өтеді: қазақ, орыс, ағылшын

Қатысу талаптары:

Конференцияға қатысқысы келетіндер 2019 жылдың 10 қазанына дейін мына электрондық поштаға karmelyuk_av@enu.kz келесілерді жіберуі керек:

– рәсімделуде ұсынылатын талаптарға сәйкес келетін баяндама мәтіні.

– мақалаға пікір-ұсыным.

Жоғарыда көрсетілген тармақтардың біреуі болмаса, материалдар жарияланымға қабылданбайды.

Конференцияға дейін тезистердің электрондық жинағы шығарылады. Конференция қорытындысы бойынша баспа жинағын шығару және ISBN беру жоспарлануда.

Қабылданған материалдар редакция алқасының сараптамасынан өтеді және ұсынылған материалдар жариялау үшін конференция жинағына енеді. Сараптамадан өтпеген материалдар авторларға қайтарылмайды.

Конференция шараларына қатысу тегін. Іссапар шығындары (жол жүру, тұру, тамақтану) конференция қатысушылары есебінен жүзеге асырылады.

http://www.enu.kz/ru/   ЕҰУ сайтынан алынған

Конференция туралы ақпараты бар ЕҰУ сайтына сілтеме http://www.enu.kz/ru/info/obyavleniya/57814/

Информационное письмо – ақпараттық хат

Регистрация / Registration – тіркеу

Информация по гостиницам – қонақ үйлер бойынша ақпарат

ENERGO UNIVERSITY