19.09.2019 Все объявления
2019 жылдың 20 қыркүйегінде Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – тұрақтылық пен гүлденудің негізі» атты Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстанның Экологиялық кодексінің жаңа жобасын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі жобасының жеке тарауларына, атап айтқанда, ең жақсы қол жетімді технологияларға қатысты тарауларға арналған ұсыныстарды талқылау және әзірлеу.
Дөңгелек үстелге:
С.С.Сагинтаева – Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры (АЭжБУ), э.ғ.д., профессор;
Б.К.Есекина – ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономика» жөніндегі кеңес мүшесі, «Жасыл Академия» ҒББО-ның директоры, э.ғ.д., профессор;
А.Л.Шалабекова – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры;
З.Зикрина– Қазақстандағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының өкілі;
А.К.Баймағанова – Жасыл технологиялардың Халықаралық орталығының өкілдері;
В.Ни – Қазақстан қоғамдық ұйымдарының Экологиялық Форумының Төрағасы;
Р.Исаходжаев – Орта Азия Аймақтық экологиялық орталығының маманы,
А. Жакежанова – «KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару қауымдастығы;
О. Атымтаев – UNEP/UNESCO қоршаған орта жөніндегі өкілі;
К.А. Бакенов – академик Ш.Ч.Чокин атындағы Қазақ энергетика ҒЗИ директоры, т.ғ.к.;
А.Мұсақұлқызы – ҚР БҒМ География институтының бас ғылыми қызметкері;
Ю.Н.Левинский – У.М.Ахмедсафин атындағы гидрогеология және гидрофизика институты, г.-.м.ғ.к.;
Р.К.Сагиева – Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, э.ғ.д., профессор;
В.Г.Сальников – Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, г.ғ.д.,профессор;
Д.Ж.Рахметуллаева – Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебі, э.ғ.к., доцент;
Е.С.Кусаинов – Алматы қ. “Жасыл экономика басқармасы” бастығының орынбасары м.а.
сонымен қатар белгілі ғалымдар, сарапшылар, Алматы қаласының жетекші жоғары оқу орындарының докторанттары және магистранттары, бизнес пен өндіріс өкілдері және үкіметтік емес ұйымдар қатысады.
Дөңгелек үстелдің бағдарламасын осы сілтеме бойынша жүктеуге болады: Дөңгелек үстел бағдарламасы