Докторантураның білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру Еуропалық Комиссия TEMPUS және ERASMUS+ InnoCENS халықаралық бағдарламаларының көмегімен Еуропалық Одақтың (Швеция, Австрия) жетекші университеттерімен бірлесіп жүзеге асырылады.
Екі ғылыми консультанттың болуы (отандық және шетелдік) докторантқа таңдаған саласы бойынша іргелі дайындықты жүргізуге, сонымен қатар өз зерттеулерінде халықаралық ғылым саласындағы соңғы жаңалықтарды пайдалануға мүмкіндік береді.
PhD докторларын дайындау бағдарламасы аясында алыс шетел серіктес –университеттері докторанттарының ғылыми тағылымдамасы, докторантурада білім алушылардың беделді халықаралық ғылыми конференциялар мен симпозиумдарға қатысуы, жақын және алыс шетел ғылыми журналдарында ғылыми мақалаларды жариялау қаржыландырылады.
АЭжБУ докторантурасына және магистратурасына түсе отырып, талапкер төмендегі бірегей мүмкіндіктерге ие болады:
Компанияның өзгешелігін ескере отырып, өзі жұмыс істейтін кәсіпорынның қажеттіліктеріне жауап беретін диссертация тақырыбын таңдау;
жоғары білікті кадрлар даярлау тәжірибесі бар АЭжБУ ОПҚ арасынан ғылыми жетекшіні таңдау;
қазіргі кезде сұранысқа ие сапалы білім алу.
АЭжБУ докторантурасына және магистратурасына түсе отырып, талапкер төмендегі бірегей мүмкіндіктерге ие болады:
Компанияның өзгешелігін ескере отырып, өзі жұмыс істейтін кәсіпорынның қажеттіліктеріне жауап беретін диссертация тақырыбын таңдау;
жоғары білікті кадрлар даярлау тәжірибесі бар АЭжБУ ОПҚ арасынан ғылыми жетекшіні таңдау; қазіргі кезде сұранысқа ие сапалы білім алу.