6B11201 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры
Бейіндік пәндер: математика, физика
Оқыту тілі: қазақ, орыс,ағылшын
Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:
Жылу энергетикасындағы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, Электр энергетикасындағы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік
Кәсіби қызмет саласы Әскери-өнеркәсіптік кешенді, индустрияны, ауыл және коммуналдық шаруашылықты, өндіріс және тұтыну салаларын, тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғау саласындағы мемлекеттік органдарды, экологиялық қызметтерді қоса алғанда, экономиканың барлық салалары кәсіптік қызмет саласы болып табылады.
Кәсіби қызмет объектілері
Кәсіби қызмет объектілері табиғат құраушы, техногендік, әлеуметтік, ақпараттық жүйелерге және олардың құрауыштарына әсер ететін кәсіпорындар мен ұйымдар; су, жер, биотикалық және өзге де ресурстар; тіршілік ету қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды айқындайтын факторлар; технологиялық жүйелерді, желілерді әзірлеумен, енгізумен және пайдаланумен және төтенше жағдайларда қорғаумен айналысатын; өрт, экологиялық, химиялық, радиациялық және басқа да қауіптердің алдын алуға мүмкіндік беретін кәсіпорындар мен ұйымдар, жобалау-іздестіру институттары, бюролар, фирмалар және т. б. меншіктің әртүрлі нысандары.
Кәсіби қызмет пәндері
Тіршілік қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларда қорғауды қамтамасыз ететін инженерлік құрылыстар, жабдықтар, ақпараттық жүйелер және бағдарламалық өнімдер кәсіби қызметтің мәні болып табылады.
Кәсіби қызмет міндеті
-кәсіби деңгейді арттыру;
-тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайларда қорғау саласындағы заңнамалық, нормативтік-құқықтық және өзге де құжаттардағы өзгерістер туралы басшылық пен персоналды хабардар ету;
-тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбекті қорғауға және қоршаған ортаны қорғауға қатысты нұсқаулықтар мен басқа да құжаттарды әзірлеу;
-төтенше және апаттық жағдайларды болдырмауға, сондай-ақ олардың зардаптарын жоюға байланысты жұмыстарды жүргізуге қатысу;
-нормативтік-техникалық, нормативтік-экологиялық, есептік және өзге де құжаттаманы жасау;
-жұмыс аймағының және қоршаған ортаның жай-күйін талдау және болжау.
Материалдық-техникалық база
-"Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы" зертханасы;
-"Электр қондырғыларын пайдалану қауіпсіздігі" зертханасы;
-"Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік" аккредиттелген зертханасы (аккредиттеу аттестаты №KZ.T. 02.1592 01.04.2015 бастап 01.04.2020 дейін жарамды).
Жұмысқа орналасу нұсқалары :
Біздің түлектер Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында жұмысқа орналасады:
-«Теңізшевройл» ЖШС;
-«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Интергаз Орталық Азия;
-«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ;
-«Қазселденқорғау» ММ;
-Төтенше жағдайлар департаменттері;
-Экология департаменті.