Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету



Ауыл шаруашылық бакалавры


Бейіндік пәндер: математика + физика


Оқыту тілі: қазақ, орыс


Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:

- Micro-grid және ауыл шаруашылығын энергиямен қамту; - ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар.


Кәсіби қызмет саласы Ауыл шаруашылығының кәсіпорындары және тұрғындары үшін электр энергиясын өндіруге, жеткізуге, таратуға және тұтынуға бағытталған технологиялар, құралдар, әдістер жиынтығын қамтитын ғылым және техника салалары


Кәсіби қызмет объектілері
- қалалардың және ауыл шаруашылығының үй коммуналдық кешендерінде энергияны өңдіру, жеткізу тарату, тұтыну және үнемдеу кәсіпорындары; - қосалқы станциялар, тарату тораптары және олардың релелік қорғанысы және автоматикасы; - агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік кәсіпорындарын электрмен және жылумен жабдықтау; - алыс жерде орналасқан тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету; - ауыл шаруашылығында электр-технологиялық қондырғыларды пайдалану


Кәсіби қызмет пәндері
- электр жүйелері, қосалқы станциялар және тораптар; - ауылдық жерлердегі кәсіпорындарды және елді мекендерді электрмен, жылумен жабдықтау; - энергияны үнемдеу және жаңғыртылатын энергия көздері; - электр механикасы; - технологиялық қондырғылар және жүйелер; - жарықтандыру және сәулелендіру жүйелері; - электр жетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру


Кәсіби қызмет міндеті

- АӨК кәсіпорындарының және елді мекендердің қондырғыларын және энергиямен қамтамасыз ету жүйелерін жобалау;

- технологиялық жабдықтарды және электр энергиямен, жылумен және газбен жабдықтауды жеткізу және тарату жүйелерін монтаждау, баптау, пайдалану және жөндеу;

- энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінің және технологиялық жабдықтардың жұмыс режимдерін ұйымдастыру, бақылау, қадағалау және басқару;

- эксперименттік зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар өткізу: қондырғыларда және энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінде жылу- масса алмасу, электр механикалық, электрондық, физика-химиялық және басқа да үрдістер


Материалдық-техникалық база

- электр машиналарын оқу-зерттеу зертханалары;

- төмен және орташа кернеулі электр аппараттарының зертханалары;

- институттың салалық зертханаларының тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғылары;

- электр жабдықтарын басты өндірушілердің релелік қорғаныстық цифрлық терминалдары;

- арнайы бағдарламамен қамтамасыз етілген компьютерлік-теледидарлық аудиториялар мен компьютерлік зертханалық сыныптар;

- кернеуі 1000 В дейінгі және одан жоғары АВВ, Таврида Электрик, Schneiderelektrik, Moeller, Siemens фирмаларының коммутациялық жабдықтары.


Біздің түлектер Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында жұмысқа орналасады:

- электр энергиясын өзінің қызметінде пайдаланатын кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарда;

- энергия өндіруші кәсіпорындарда, басқарушы және сервистік компанияларда, аймақтық электр энергетикалық тораптық компанияларда, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, жобалау институттарында.

- әртүрлі бөлімдерде және әртүрлі лауазымдарда сервистік, пайдаланушылық, ұйымдық-басқарушылық, монтаждық-жөндеу және жобалық қызметпен айналысады.

 

Біздің түлектер Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында жұмысқа орналасады:

- «Самұрық-Энерго» АҚ;

- "KEGOC" АҚ;

- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ;

- «АлЭТ»  АҚ;

-«Alageum Electric» компаниясы;

- «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ;

- «Алматы электр механикалық  зауыты» ЖШС;

- «Казэлектр монтаж» АҚ;

- «Алматы электр транс» ЖШС;

- «Шнейдер Электрик» ЖШС;

- «Siemens» ЖШС;

- «АВВ» компаниясы;

- Аймақтық ауылшаруашылық энергетикалық кәсіпорндар және т. б.